READx форматында«Құндылықтар туындайтын орта» конференциясы өтті » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » READx форматында«Құндылықтар туындайтын орта» конференциясы өтті

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

21
апрель
2022

READx форматында«Құндылықтар туындайтын орта» конференциясы өтті

21 сәуір күні «№3 ЖОББМК» КММ-де бастауыш буын оқушыларына арналған «Құндылықтар туындайтын орта» тақырыбымен қалалық оқырмандар конференциясы өтті. Конференция READxформатында: балалардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, оқырмандық ой-өрісін кеңейту, кіші жасынан ораторлық қабілеттерін қалыптастыру, дарынды балаларды іздеу және қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Шара қатысушыларын Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері Г.А.Молдаханова құттықтап, жас оқырмандарға сәттілік тіледі. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Курмашева«Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында сөз алып, мектепте жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. 

Шараға «Әлемнің үздік мұғалімі – 2020», орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі- М.З.Жанаспаева, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, ардагер ұстаз– Г.Н.Карменова, республикалық «Ақындар айтысы – 2021» жеңімпазы,қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі– А.Е.Жеңісқазиндер төрелік жасады. Қатысушылар да өздеріне ұнаған қарсыластарын смайлик арқылы бағалап отырды. 

Конференцияға №3,4,6,8,15,16,17,18,23,26,34,36,37,38,47 мектептерден 18 оқушы қатысты. Қатысушыларды бағалауда: материалды игеру дәрежесі, негізгі идеяның болуы, шығарманы өмірмен байланыстыру, оқыған кітабына кері байланыс беру, орындау ерекшелігі, авторлық мінез-құлық, аудиториямен қарым-қатынасы ескерілді. READx форматы ережесіне сай болуы басты назарға алынды. 

Жүлделі орындарға қол жеткізген оқушылар: Н.Шәкен-1 орын, №3ЖОББМК; Б.Куатұлы-2 орын, №17 ОМ; І.Толықбаева-2 орын, №38 МЛ; А.Берік-3 орын №23 ОМ;Д.Қайратқызы-3 орын, №4 ОМ; Н.Бахтынова-3 орын, №15. Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар берілді. 

Шараға қатысушылар жас оқырмандарға сәттілік тілей отырып, REDx конференциясын өткізу дәстүрлі түрде жалғасын табады деген сеніммен тарқасты.











Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее