03
июнь
2022
Тренинг өткізілді
02.06.2022ж. Жазғы мектептің 8 сынып оқушыларына арнап мектеп психологтары "Мен және менің сыныбым" тренингін өткізді. Мақсаты: оқушылардағы сенімділікті арттыру және агрессияны жою. Тренинг "Ерекше сәлемдесу" жаттығуынан басталды. Әрбір оқушы өз сыныптасына деген ізгі тілектерін білдірді. Бір-бірлерін сезу деңгейін байқау мақсатында "Суретті қайтала" жаттығуы жүргізілді. Тренингке барлық қатысушылар белсене қатысты. Сынып оқушыларының ұйымшылдығы, бір-біріне деген сенімділіктері арта түсті.
