«Ата-аналар шеберлігі институты» аясында ата-аналарға арналған тренинг » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

16
февраль
2022

«Ата-аналар шеберлігі институты» аясында ата-аналарға арналған тренинг

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

«№3 жалпы орта білім беретін  мектеп – кешені» КММ-де  өзін-өзі тану пәні мұғалімі – А.М. Беркутованың ұйымдастыруымен «Ата-аналар шеберлігі институты» аясында  ата-аналарға арналған  тренинг өтті. 

Мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Ата –аналар  іс-шараға белсене қатысты: шеңбер құрып өзара танысты, өздеріннің бойындағы жаман мен жақсы қасиеттерін  жазды, топпен жұмыс жасады, әр түрлі жағдаяттарды қарастырды.  

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее