21
сентябрь
2022
«Мамандықты қалай таңдау керек?»
11 сыныптарға арналған қажет кеңес.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Осы сұрақтарға жауап табу үшін мектептегі кәсіби бағдар беру маманы А.М.Беркутова 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушыларына «Мамандықты қалай таңдау керек?» іс-шарасын өткізді. Іс-шара аясында бейнебаян көрсетіліп, кеңестер берілді.


