24
ноябрь
2020
Қағаз қалдықтарын жинаудың пайдасы
Мектебіміздің 2 «Г» сынып оқушысы Амантайұлы Баубек аталған тақырып бойынша өз зерттеуін жүргізді.
Адам табиғаттан өзіне керектінің барлығын алып үйренген. Мысалы, А4 форматтағы қағазды алу үшін 13-21 грамм ағаш қажет. Осы есеппен санасақ, бір кітапты дайындау үшін 5 килограмдай ағаш өнімі керек екен. Сонымен қатар ағаштар -таза ауа кепілі. Үлкен ағаш тәулігіне 180 литрге дейін оттегі шығарады екен. Жапырақты орманның бір ғана гектары 50 т шаңды түзейді. Бір гектарлы шыршалы орман жылы күнде 30 килограмдай эфир майларын бөліп шығарады. Ал эфир майлары ауаның тазаруына зор ықпал етеді. Міне, сол себепті орманның пайдасын барлығымыз біліп, қолымыздан келгенше көмектесуіміз керек деп ойлаймын. Қалай? деген сұраққа жауап берсек: макулатура жинау арқылы. Өйткені, 1 тонна макулатурадан 25 000 дәптер алуға болады екен. Егер біздің отбасымызда қағазды үнемдеп жинасақ, бір жылдың ішінде 60 килограмдай макулатура шығарып алуға болады. Мен осындай зерттеуімді жүргізе отырып, өз сыныптастарымды макулатура жинауға шақырамын. Мектебімізде ұйымдастырылған ЭкоАсарға қатыса отырып, макулатура жинаудан 3-орынды иелендік. Оқу жылының соңына дейін осы дәстүрді жалғастырсақ, қоршаған ортамыздың тазаруына айтарлықтай үлес қосар едік.