25
ноябрь
2022
READx алаңында ата-аналар конференциясы өтті
Кез келген тұлға өзінің дамуы үшін кітапқа жүгінуі қажет екендігін дәлелдеу мақсатында мектебімізде бастауыш сынып ұстаздарының ұйымдастыруымен ата-аналардың оқыған кітаптарын насихаттап өзгеге ұсынуға бағытталған READx алаңында ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға бастауыш сынып ата- аналары қатысты. 7 ата-ана өздері оқыған кітаптарының мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқтала келіп, қатысушыларға оқуға ұсынды. Шара барысында мектебіміздің ұстазы Айбек Жеңісқазин әннен шашу шашса, өткізілген шарадан алған әсерлерін ортаға салып, ата - аналармен, ұстаздармен кері байланыс та жасалды. Шара соңында оқуға ұсынған кітабын 1 "Б" сынып ата- анасы Қанжекенова Перизат Бағдатқызы мектеп кітапханасына тарту етті.
