12
январь
2023
Мамандықты қалай таңдау керек?
Адамның қоғамда толық қанды өмір сүруі оның таңдаған мамандығына байланысты. Дұрыс таңдаған мамандық, адам өміріне жағымды әсерлер қалдырып, өзін-өзі құрметтеу, өміріне деген құлшыныс сезімдерін арттыра түседі.
Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық қатынастар кәсіби білікті маманға өте жоғары талаптар қояды. Ғылыми білімдері мен қоса бүгінгі маман сияқты бір қатар мәселелерді өз бетінше шеше білуі қажет. Жобалау технологиясы, зерттеу, жаңа өндірістерді анықтай білу мен осыған сәйкес қызмет бабын ауыстыру. Сондықтан кәсіби тұрғыдан өзіңді танып білу болашақ маман ретіндегі тұлғаның қалыптасуын жүзеге асыратын басты қағида. Мамандықты таңдауға бірнеше психологиялық-педагогикалық себептер әсер етеді. Әрбір адам айналасындағылардан өзін бағалауды, құрметтеуді және махаббат пен еркіндікті сезінгісі келеді. Бұл жағдайда дұрыс таңдалған мамандықтың көмегі зор. Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына мамандықты дұрыс таңдау өте маңызды.
Мамандықты таңдау көбінесе қоғамның әлеуметтік сұраныстарына байланысты болып келеді:
• қоғамдық сұранысқа ие болуы; (сән үйлері, материалды жағынан қаматамасыз етілуі)
• қызығушылық (кино, телебағдарламалар, достары мен ата-аналардың көз-қарасынан қалыпсатқан).
Жас өспірімдердің кәсіби қызығушылығына қандай факторлар әсер етеді? Біріншіден, достық қарым-қатынас, екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдары, үшіншіден, қызметкерлер ұжымы, топ жетекшісі, пән оқытушылары, төртіншіден, отбасының ой пікірі, бесіншіден, оқу пәндері, алтыншыдан, мектептен, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, жетіншіден, қоғамдық еңбек пен өндіріске араласу.