06
март
2023
1-4 сынып оқушыларына 8 наурыз меркесіне арналған сынып сағаттары өтті.
6-наурыз ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушыларына 8 наурыз меркесіне арналған сынып сағаттары Zoom платформасы арқылы өтті. Сынып сағатының тақырыбы: “ Ана өмірдің-шуағы”. Мақсаты: балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру, жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Сынып сағаты барысында ұлдар қыздарды құттықтап, тақпақтарын айтты. Тақырыпқа байланысты видеоролик, презентациялар көрсетілді.




















