06
апрель
2023
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру” тақырыбында ашық сабақ өтті.
“Жарқын елдің шамшырағы - жас маман” онкүндігі аясында жоспарға сай 06.04.2023 күні 3 ”А” сыныбында дене шынықтыру пәнінен “Бір орында тұрып ұзындыққа секіру” тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұзындыққа секіру техникасы мен ережелеріне үйрету; Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде жалпы дамыту жаттығулары жасалды. Сабақ барысында оқушыларға ұзындыққа секіру техникасы мен ережелері таныстырылып өтті. Алғашында оқушыларға дайындық ретінде 2- реттен ұзындыққа секіруге мүмкіндік берілді. 3 кезеңде балалар ұпай алу үшін секірді. Сабақтың соңында ұзындыққа секіру техникасына байланысты қорытынды айтылып, бағалау жүргізілді. Пән мұғалімі: Каримов М.А
