12
апрель
2023
"Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу" тақырыбында ашық сабақ өтті.
"Жарқын елдің шамшырағы-жас маман" онкүндігі аясында 12.04.2023 күні 5 Б сыныбында математика пәнінен "Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу" тақырыбында ашық сабақ өтті. Алдымен тақырып толықтай түсіндіріліп, кейіннен оқушылармен топтық және жекелеме жұмыстар жүргізілді. "Plickers" және "Kahoot" платформалары арқылы топтық тапсырмалар орындалды. Және таратпа материалдар арқылы есептер шығарылды. "Froggy jumps" ойыны арқылы сабаққа қорытынды жасалды. Сабақ соңында "Білім поштасы" әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс жасалып, сабаққа белсенді қатысқан барлық оқушылар бағаланды. Пән мұғалімі: Қалиев Е.Е.

https://youtube.com/shorts/OIV6nT0bo5c?feature=share

https://youtube.com/shorts/OIV6nT0bo5c?feature=share