«Шығармашылық жолдың бастамасы» биология пәні мұғалімі Қасымханова Сәуле Жанатқызы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Шығармашылық жолдың бастамасы» биология пәні мұғалімі Қасымханова Сәуле Жанатқызы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

17
апрель
2023

«Шығармашылық жолдың бастамасы» биология пәні мұғалімі Қасымханова Сәуле Жанатқызы

TED X  конференция
«Шығармашылық жолдың бастамасы»
Қасымханова Сәуле Жанатқызы
Биология пәні мұғалімі
           Жаңашыл  ұстаз дегеніміз кім?   Біз жалпы  заманауи мектеп және заманауи білім беруді қалай түсінеміз?
    Әрине,  жаһандану және қоғамды цифрландыру заманында  қазіргі педагог барлық инновациялық технологияларды меңгеруі керек.  Бірақ ол технологияларды тек меңгеру жеткіліксіз.     Яғни, мұғалім  қазіргі заманның  мәселелеріне, кедергілеріне, сынақтарына жауап бере отырып, болашақтың талаптарына сәйкес жоспарлай білуі, дами білуі тиіс.     Менің түсінігімше, заманауи мұғалім дегеніміз қазіргі заманның проблемаларына бейжай қарамайтын тұлға. Ол заманауи әдістерді қолдана отырып  қазіргі ұрпақты дамытатын және оқытатын маман. Менің мақсатым қазіргі заман талабына сай заманауи мұғалім болу.           Сонда өскелең ұрпақтың алдында қандай сынақ тұр деген сұрақ туындайды.  Заманауи проблемалар дегеніміз не?
1.    Тұтынушылық, өзімшілдік  көзқарас. 2.    Адамгершіліктің, ар – ұят, шыншылдық, үлкенге құрмет көрсету сияқты құндылықтардың жоғалуы.3.     Материалдық құндылықтарға табыну.4.    Оқушылардың үлгермеуі, таймменеджмент.5.    Ата – аналардың балаларына жауапкершілікпен қарамауы.6.    Тіл мәселесі. Оқушылардың мектеп қабырғасында өзге тілде сөйлеуі ұлкен мәселе.Ал бұл мәселелердің шешімін біз қайдан әздейміз. Әрине, шет елдің мәдениетінен. Маслоудың, Выготскийдің, Джонк Локтың еңбектерінен іздеп жатамыз. Ал бұл мәселелердің жауабын біз өзіміздің қазақфилософиясынан таба аламыз.
          Мысалы, Абай Құнанбаевтың адамгершілік туралы ілімі. Ол барша адамзатқа махаббатпен қарауға шақырады. 
Әлихан Бөкейханов айқанда: Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, яғни, Х.Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын. Бұл – А.Байтұрсыновты «ұлт ұстазы» атандырған ұлы ұстанымның қорытынды тұжырымы.
Оқушылардың үлгермеуі, сабаққа қызығушылық танытпауы, оқушылар  өздерінің күші мен уақытын жоспарлай алмауы  уақытты дұрыс үнемдемеуден туындайды. Яғни тәртіп болмауы.
Бұл сұрақтың жауабын біз Бауыржан Момышұлының мына сөздерінен таба аламыз:   «Тәрбиелі – тәртіптің құлы. Тәртіпті – елдің ұлы.»
           Шəкəрім дүниетанымындағы негізгі мəселелердің бірі - ар ілімі. Ұят, ар тек адамға ғана қатысты. Ар-ұяты жоғалған адам - ол адам, бірақ ол адам надан адам танылған.
           Қорытындылай келе, қазіргі мектептегі заманауи мұғалім – шет тілін  жетік білу емес, бұл - өзгенің тарихын білу емес, бұл – өзге елдің тарихын, мәдениетін өз елінен жоғары қоймау деп  айтқым келеді. Заманауи мектеп қазіргі заманауи  қазақ қоғамының заманауи талаптары мен мәселелеріне жауап беруі керек . Қазақ мәдениетін, өз ана тілін  білу, мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлықтарын азайту, патриоттық 
Адамзат дамудан бас тарта алмайды, дегенмен  дамудың өзін басқарған  жөн.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее