02
ноябрь
2022
«Төңкерілген сынып – заманауи оқыту технологиясы»
«Төңкерілген сынып – заманауи оқыту технологиясы» тақырыбында мектеп ұстаздарына коучинг өткізілді. Коуч – мектеп тренері – Ш.Т.Нугуспанова болды. Ұстаздар аталған технологиямен тереңірек таныса отырып, негізгі компоненттерін талқылады. Әдістеменің басымдылықтары мен кемшіліктерін анықтады, «Төңкерілген сынып» моделін қолданудың жолдарын ұсынды. Кері байланыс кезінде: «Ұстаздар құзіреттілігін арттыруда жаңа технологиялардың берері мол», «Әр ұстаз өз мүмкіндігіне қарай, сынып қажеттілігін ескере отырып қолдана білуі қажет» деген пікірлерін айтып тарқасты.
