Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша "Кураторлық әдістеме". » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша "Кураторлық әдістеме".

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

26
апрель
2023

Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша "Кураторлық әдістеме".

2"В”сыныбы
Пәні: қазақ тілі 
Технологиясы:
Тақырыбы:"Сын есім”
Мақсаты:Сөз таптарын(зат есім,сын есім,сан есім,етістік)  ,соның ішінде сын есімді ажырату;
Мұғалімнің көмегімен сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау,әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу.
Сабақ психологиялық көңіл- күй "Сәлемдесу әдісі" арқылы басталды.Сабақта”Ой қозғау”әдісі арқылы әрбір оқушыға жеке жұмыс беріліп,тапсырма таратылды..Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қоя отырып,өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін және өлеңнің авторын  тауып тапсырмаларды орындады.Onlinemektep  платформасы арқылы бейнематериал көрсетілді.
Сабақ барысында “Жұбыңмен ақылдас”әдісі арқылы жұптық жұмыс, “Жылжымалы мәтін”әдісі арқылы жекелеме жұмыс жүргізілді.Әр тапсырма сайын оқушылар “Тамшылар” арқылы өздерін бағалап отырды.Жұмбақ жасыру арқылы шие жемісін тауып,
“Сөздер банкісі”әдісі арқылы топтық жұмыс  жүргізілді. Оқушыларға шынайы шие жемісі көрсетілді.
1-топ  шиенің түсін,
2-топ шиенің түрін,
3-топ шиенің дәмін  сипаттап жазды,және шағын мәтін құрастырып,әңгімелеп берді. Сабақты меңгергендіктерін білу мақсатында ҚБтапсырмаларын орындады
Сабақ соңында " Почта”әдісі " арқылы рефлексия жүргізіліп,  оқушылар  бүгінгі сабақтан алған әсерлерін хат арқылы жазып почта жәшігіне салды.
Пән мұғалімі: Серикболова Б.С.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее