16
май
2023
Lesson study Архимед заңын қалай қолданады?" тақырыбында жаратылыстану пәнінен сабақ өтілді.
Педагогикалық шеберлік орталығы Өскемен қ. филиалы және «Облыстық инновациялық - әдістемелік орталығының" ұйымдастыруымен Семей қаласы “№3 жалпы орта білім беретін мектебі” Абай облысының Жас ұстаз клубы мүшелеріне Lesson study Сабақты зерттеу тәсілін тәжірибеде көрсету барысында 4 "Г" сыныбында Архимед заңын қалай қолданады?" тақырыбында жаратылыстану пәнінен сабақ өтілді. Сабақта Wordwall қосымшасы, "Сәттілік фортунасы" әдісі, "Карта" ойыны және "Ойлан,топтас,бөліс" зерттеу жұмысы әдістері, "Сөйлемді аяқта" ойыны мен "Мұғалімге хат" кері байланысы қолданылды. Оқушылар қызығушылықпен қатысты. Зерттеу жұмысы арқылы өздері тәжірибе жасап, Архимед заңы қолданылуы жайлы қорытынды жасай білді. Сабақ соңында мұғалімге хат жолдап, топ басшылары бағалау парақтары арқылы топ мүшелерінің ұпайларын хабарлады. А, В, С деңгейлі оқушылар да белсенділікпен сабаққа қатысты, топпен бірлесіп жұмыс жасай білді.
Сабақ өткізген мұғалім: Кутешова Жадыра Серикалиевна
Зерттеу тобының құрамы: Оразгалиева С.С, Божканова Л.Б., Казанғапова А.К.

Сабақ өткізген мұғалім: Кутешова Жадыра Серикалиевна
Зерттеу тобының құрамы: Оразгалиева С.С, Божканова Л.Б., Казанғапова А.К.
