31
октябрь
2023
Тәжірибеге бағытталған оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында коучинг өткізілді
№3 жалпы орта білім беретін мектебінде күзгі демалыс жоспарына сәйкес «Тәжірибеге бағытталған оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында коучинг өткізілді. Мақсаты: функционалдық сауаттылық туралы түсініктерін арттырып, тапсырмалар орындау арқылы тәжірибе жинақтау. Коучинг жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Қағаз оркестрі» көңілді сергіту сәтімен басталды. Функционалдық сауаттылық туралы жалпы ақпарат беріліп, топтар «Функционалдық сауаттылықты мен қалай түсінемін?» деген тақырыпта постер қорғады. Әр топқа PIRLS, TIMSS тапсырмалары беріліп, топтық бағалау жүргізілді. «Додекаэдр» әдісі бойынша үш сөзбен сипаттау арқылы кері байланыс берілді.



[media=https://youtube.com/shorts/yyGQ42IBFrs?si=Etq_ALCWVIzDX8WK]



[media=https://youtube.com/shorts/yyGQ42IBFrs?si=Etq_ALCWVIzDX8WK]