18 қыркүйекте «математика сабағындағы Тәжірибеге бағытталған технология» атты шебер- сынып өтті
Қазіргі информатизациялау дәуірінде математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден – бір негізгі элементі болып табылады. Математикалық функционалдық сауаттылық- оқушылардың алған білімдерін практикалық жүзеге асыра білу, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеяларды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтиды.
Жаратылыстану-математикалық бағытты оқытудың негізгі мақсаты математикалық есептеулердің, өлшеулердің, зертеулердің нәтижесіне баға беру, математикалық білімдерді өмірде қолдану дағдырларын қалыптастыру болып табылады.
«Оқу мен тәрбиеде тәжірибеге бағытталған іс әрекетті енгізу арқылы функционалдық сауаттылық пен метапәндік дағдыларды дамыту» атты мектептің әдістемелік тақырыбына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен байланыстыру, математикалық шығармашылыққа қызығушылықты және математикалық түйсік пен математикалық қабілетті дамыту мақсатын айқындайды. Тәжирибелік математикалық біліктері мен дағдырлары басқа да мектептегі пәндерді оқытуда қажет болады.
Осы мақсатта директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Оспанова С. шебер-сыныпта әріптестерімен мазмұнды есептерді талқылап, PISA тапсырмаларын сарапқа салды. Шебер сынып барысында мұғалімдер өздері құрастырған есептерді шығарып, қай сыныптардың қандай тарауларына кіріктіруге болатындығын анықтады.