BilimLand және Kundelik.kz білім беру порталдарының мүмкіндіктері туралы оқыту семинары өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » BilimLand және Kundelik.kz білім беру порталдарының мүмкіндіктері туралы оқыту семинары өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

02
ноябрь
2023

BilimLand және Kundelik.kz білім беру порталдарының мүмкіндіктері туралы оқыту семинары өтті.

02.11 күні мектеп мұғалімдерімен күзгі демалыс кезіндегі іс–шаралар жоспары негізінде BilimLand және Kundelik.kz білім беру порталдарының мүмкіндіктері туралы оқыту семинары өтті. Семинар барысында информатика пәні мұғалімі Камбарова Альфия Куандыковна Online-mektep платформасындағы жаңалықтармен бөлісіп, тәжірибеде көрсетті, яғни платформадағы жаңа функционалдары: бейнеконференция, өзіңіздің оқу кестеңізді енгізу мүмкіндігі, ұстаздарға арналған мониторинг, "Үй тапсырмасы" модулі, онлайн чат, электрондық журнал, БЖБ/ТЖБ-ға арналған конструктор, дайын БЖБ/ТЖБ. BilimLand порталындағы мүмкіндіктер ұстаздардың көңілінен шығып, оң бағасын беруде. Информатика пәні мұғалімі Молдабекова Меруерт Жумагазыевна мұғалімдерге Kundelik.kz жүйесінің толтырылуы туралы түсіндіріп, демонстрация жасады: электронды журналдың уақытылы толтырылуы, үй тапсырмаларын басқару, есептер құрастыру. Семинар соңында мұғалімдер туындаған сұрақтарына жауап ала алды. Осындай семинарларды ұйымдастыру ұстаздардың АКТ құзіреттілігін арттыруға өз септігін тигізеді.




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее