Мектепішілік олимпиада қорытындысы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Мектепішілік олимпиада қорытындысы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

03
ноябрь
2023

Мектепішілік олимпиада қорытындысы












2023-2024 ж. оқу жылының күзгі демалыс жоспары аясында  3 қараша күні 3-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми пәндерден олимпиада ұйымдастырылды. Мектепішілік олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты: 
- оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету;
- оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру;
- ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру;
- дарынды балаларды айқындау.
Мектепішілік олимпиадаға қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, информатика, Қазақстан тарихы, география, биология, жаратылыстану және химия пәндерінен барлығы 231 оқушы қатысты. Нәтижесінде 151 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша қалалық олимпиадаға ғылыми пәндерден жүлделі 1 орын алған 34 оқушы жолдама алды.










Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее