Мектепішілік ғылыми жобалар сайысы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Мектепішілік ғылыми жобалар сайысы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

05
апрель
2021

Мектепішілік ғылыми жобалар сайысы

2 - 11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың өз қаласына, өлкесіне, оның тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен тұрмысына шексіз берілгендікті паш ететін шынайы отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу; таңдалған тақырып бойынша зерттеу жүргізу, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; өз тұжырымдарын жүйелі жеткізуге төселдіру; зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, қалалық, аймақтық кезеңдеріне жолдама беру болды. Сайыс 30–31.03 күндері онлайн түрінде, ZOOM платформасы арқылы 6 секция бойынша:1 секция – қазақ тілі және әдебиет,2 секция – орыс тілі және әдебиет,3 секция – ағылшын тілі, 4 секция – математика және информатика,5 секция – жаратылыстану, химия, биология, экология,6 секция –география, тарих, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы өлкетану, өзін-өзі тану жүргізілді. Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша 30.03 күні, гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 31.03 күні өтті. Әр жұмысты қорғау үшін 5-7 минут уақыт берілді.  СайысқаСемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің   "Ветеринария" кафедрасының доценты – Нуржуманова Жанат Мекешовна, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің педагогика жане психология кафедрасы Агаокытушы, педагогика гылымдарынын магистрі –   Лекерова АйнурАлдабергеновна,  М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жаратылыстану пәндерінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі – КалкеноваБейбитгулЖенисбековна және мектептің тәжірибелі ұстаздары қазылық етті. Сайыстан кейін оқушылар жұмыстары сараланып, жүлдегерлер анықталды. Жобалық сайысқа қатысқан жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілді, ұсыныстар айтылды. Жақсы баға алған жұмыстар келесі оқу жылында қалалық, аймақтық жобалар сайысына ұсынылатын болады.





Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее