14
ноябрь
2023
14.11.2023 “Поэзия әлемі” клубының жұмысы Төлеген Айбергеновтың шығармашылығымен жалғасты.
14.11.2023 “Поэзия әлемі” клубының жұмысы Төлеген Айбергеновтың шығармашылығымен жалғасты. Ақынның шығармашылығынан “Ана” өлеңі оқылды, бүгінгі жұмыс мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманбердина Еркежан Бауыржанқызымен бірлесе отырып жүргізілді. Қазақ әдебиетінің, оның ішінде поэзиясының шырқау биікке көтерілген бір сәті – өткен ғасырдың 60-жылдары екені ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби сынымызда даусыз мойындалған шындық. Сол тұста өлең әлемін түрлеген өзгеше тұрпатты таланттардың бірі Төлеген Айбергенов болатын.


