04.12.2023 күні "Заманауи білім берудің әдіс тәсілдері" жас мамандарға арналған коучинг өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 04.12.2023 күні "Заманауи білім берудің әдіс тәсілдері" жас мамандарға арналған коучинг өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

04
декабрь
2023

04.12.2023 күні "Заманауи білім берудің әдіс тәсілдері" жас мамандарға арналған коучинг өткізілді.

Жас мамандарға арналған коучинг 
Тақырыбы: Заманауи білім берудің әдіс тәсілдері. 
04.12.2023 күні заманауи білім берудің әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы мұғалімдердің шеберлігін арттыруға арналған коучинг өткізілді. Коучинг “ Көңілді би” тренингі арқылы жас мамандарды ынталандыру мақсатында бастау алды. Тренинг бойынша жас мамандар билеп, бірден екі топқа бөлініп отырды. Жас мамандар топтық жұмыстың оң әсері және кері  әсері деген екі банкаға өздерінің ойларын дәлелдей отырып салды. 
Мұғалімдерге “ Бірлік болмай, тірлік болмас” тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Жас мамандар көрген фильмдері бойынша өз ойларын парақ бетіне жазып, тақтадағы пойыздың вагондарына салып, көрген бейнефильмінен алған әсерлерімен бөлісті. Коучинг “Менің қалпағым үш бұрыш” атты сергіту сәтімен жалғасты.  Тақырып бойынша презентация көмегімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жас мамандардың алған ақпараттарын қортындылау мақсатында “Бір сөзбен” атты әдіс арқылы сұрақ жауап беріліп, жас мамандардың коучингтен алған ақпараттарын қортындылады
Коучинг “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі арқылы жас мамандардың жылы лебіздерімен бағаланды
Коучингке жауапты ұстаздар: 
география пәні мұғалімі: Нугуманова А.Т.
химия пәні мұғалімі: Даукенова М.С

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее