"Тарих, география, биология және химия пәндері" апталығы аясында 9 "Г"-сыныбында "Алтын сақа" интеллектуалды ойыны өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "Тарих, география, биология және химия пәндері" апталығы аясында 9 "Г"-сыныбында "Алтын сақа" интеллектуалды ойыны өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

07
декабрь
2023

"Тарих, география, биология және химия пәндері" апталығы аясында 9 "Г"-сыныбында "Алтын сақа" интеллектуалды ойыны өткізілді.

"Тарих, география,  биология және химия пәндері" апталығы аясында 9 "Г"-сыныбында "Алтын сақа" интеллектуалды ойыны өткізілді.
Ойынның мақсаты: 
Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, алғырлыққа, шапшаңдыққа, туған халқымыздың әдет-ғұрпын қадірлей білуге, өз елінің, туған жерінің табиғатын құрметтеуге, қадірлеуге, қорғауға, көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, додокаэдр, парақтар, маркерлер, асықтар.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап. 
Ойынның шарттары: 
1. "Табалдырық";
2. "Әудем жер";
3. "Қозыкөш";
4. "Жолайырық";
5. "Алтын көмбе".
Ойынға "Тұлпар" мен  "Сұңқар" тобы қатысты. Ұйымдастыру кезеңінде ойыншылар сергіту сәтін жасады. Ойынның алғашқы "Табалдырық" кезеңінде қатысушылар додокаэдрде берілген сұрақтарға жауап берді. "Әудем жер" кезеңінде "Шындық - Жалған" ойындарын ойнады. Ойыншылар "Жолайрық" кезеңінде сурет салды. "Алтын көмбе" кезеңінде асықтарды таңдап , аяқталмай қалған мақалдардың жалғасын тауып айтты. 
"Алтын сақа" ойынына оқушылар мен Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері  белсене қатысты. Ойын қорытындыланып, оқушылар "Мадақтамамен", сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушы: тарих пәні мұғалімі Айтмуханова Булбул.


Похожие публикации:

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее