"Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 7 "Б" сыныбында алгебра пәнінен зерттеу сабағы өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 7 "Б" сыныбында алгебра пәнінен зерттеу сабағы өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

12
декабрь
2023

"Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 7 "Б" сыныбында алгебра пәнінен зерттеу сабағы өтті.

"Баршаға  әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 7 "Б" сыныбында алгебра пәнінен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: «y=ax², y=ax³ және y=k/x түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері». Мақсаты: y=ax², y=ax³ және y=k/x функцияларының графигін салу және қасиеттерін білу. Сабақ барысында «Ыстық лебіз» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнатылды. https://flippity.net/ платформасында кездейсоқ таңдама арқылы 3 топқа бөлінді. «Досыңды бағала» әдісімен үй тапсырмасы тексерілді. Жеке жұмыс Zipgrade платформасы арқылы жабық тест тапсырмалары беріліп, оқушылар өздеріне берілген жауап парағына белгілеп өткізді. «Ойлан, топтас, талқыла» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізіліп, «Сәйкесін тап» әдісімен жұптық жұмыс жасалды. «Білім почтасы» арқылы кері байланыс берілді. Сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысып, «Бағалау парағы» арқылы бағаланды. Зерттеу тобындағы мұғалімдер сабаққа қатысып, сабақ соңында  топтағы ұстаздар қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімді және тиімсіз жақтарын қарастырды. Пән мұғалімі: Қалиев Е.Е.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее