12
декабрь
2023
"Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 10 "А" сыныбында информатика пәнінен зерттеу сабағы өтті
"Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы аясында "Lesson Study" технологиясымен 10 "А" сыныбында информатика пәнінен зерттеу сабағы өтті.Тақырыбы: "Сұрыптау әдістері". Мақсаты: Python программалау тіліндегі сұрыптау ұғымы мен функцияларын анықтап, сұрыптау функцияларын программалауда қолданады. "Оnlinetestpad.com" әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Qazmath.net/ әдісімен топқа бөлініп, "Silent debit”әдісі арқылы постер қорғалды. Flippity.net/ әдісі арқылы жұпқа бөлініп, Phyton программалау тілінде практикалық тапсырма орындалды. Кері байланыста оқушылар эссе жазды. My.qrfb.ru/ әдісі арқылы рефлексия жасалды, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік берілді. Сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысты. Зерттеу тобындағы ұстаздар оқушыларынан сұхбат алды. Сабақ талданып, келесі сабақтың жоспары жасалды. Пән мұғалімі: Э.К.Нургалиева. Зерттеу тобының мүшелері: А.Т.Нугуманова, Г.М.Серикова, А.К.Камбарова, Б.Х.Узбекова.
