
08.12. күні «Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study технологиясымен 6 "В" сыныбында ағылшын тілі пәнінен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: «Types of films». Сабақ «I wish you» психологиялық ахуалмен басталды және топқа бөлінді. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Wordwall» ойыны арқылы сөздікті қайталау жұмысы жүргізілді. Жаңа тақырып «questions» әдісі арқылы ашылды. Сабақ барысында жұптық, жеке, топтық жұмыс жасалды. Сабақты бекіту мақсатында «Mind Map» ойыны ойнатылды. «Camera of knowledge» әдісімен кері байланыс берілді. Оқушылар критериалды бағалау әдісі арқылы бағаланды. Сабақ соңында топ ұстаздары отырыс өткізіп, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімді, тиімсіз жақтарына баға берісті. Келесі айналым сабағы бірлесе жоспарланды. Пән мұғалімі: Мұнтаева Б.Ж.