18
декабрь
2023
18.12.2023 “Поэзия әлемі” клубының бүгінгі тақырыбы тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналады.
18.12.2023 “Поэзия әлемі” клубының бүгінгі тақырыбы тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналады. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 32 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Бүгіндері Қазақстан Республикасы тәуелсіз, еңсесі биік, басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық.
Өлең оқығандар: 5 “Б” сынып оқушысы Пермхан Аяла, 5 “В” сынып оқушысы Төлегенова Айзере.
Өлең оқығандар: 5 “Б” сынып оқушысы Пермхан Аяла, 5 “В” сынып оқушысы Төлегенова Айзере.
