29
январь
2024
Мектептегі театр үйірмесін ұйымдастыру- бұл балалардың өздерін шығарма кейіпкерлері ретінде сезіну,түрлі рольдерді бағындыра білудің ғажайып әлемі.
https://youtu.be/F4Hl1zl0YQk?si=KhyJx5JDNQ8JzXF8
Мектептегі театр үйірмесін ұйымдастыру- бұл балалардың өздерін шығарма кейіпкерлері ретінде сезіну,түрлі рольдерді бағындыра білудің ғажайып әлемі. Театр өнері баланың ерте жастан сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Сабақтар түрлі бағыттарды дамуға әсер етеді: музыкалық, театрлық, хореографиялық, психологиялық. Осындай сабақтар баланың шығармашылықпен ойлау қабілетін, есте сақтау, және өз қойған мақсатына жете білу дағдыларына тәрбиелейді. Нәтижеге дейін дайындықтар өтеді: репетициялар, образбен танысу, образға ену, қимыл-қозғалыспен сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу, өзіңді жеңіл сезіндіретін ойындар, жетістіктер мен жеңілістерден өту кезеңдері. Бұл сәттер ең басты аспект болып табылады. Оқушылардың көңілі театрда болып, қызығушылықтары мол болуы үшін, театрға деген қызығушылығын арттыру қажет. Сабақтарда театр әлемімен танысып, әр жанрдың айырмашылығы жайлы түсіндіреді. Кезеңдермен шығармашылық жұмыстары жасалады. Пластиканы би және белсенді ойын түрлері арқылы жақсартуға болады. Әртістік қасиеттері жағдайды модельдеу арқылы оқытуда дамытып отырады. Бүгін, яғни 25.01.24ж. мектебіміздегі "Жас талант" үйірмесінің кезекті отырысы өтті.
