«Өз кілтіңді тап ойыны» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

28
апрель
2020

«Өз кілтіңді тап ойыны»

Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қаблеттерін арттыруға ойындарының алатын орны ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі – даму ойындары.Осыған орай қолымыздан сәйкестендіру кілтін жасап шығардық. Мақсаты: – баланың қызығушылығын тудыра білу. Ойынның шарттарын түсіндіру керек және беру керек. Әрбір тапсырманы сәтті орындаған сайын мақтап, көтермелеп, қиялына қанат бітіріп отырса баланың қызығушылығы мен талпынысы оянады. Егер тапсырманы орындау барысында қателіктер кездесіп жатса, қай жерде, неліктен, қандай қате жібергенін және оны түзету жолын нақтылап көрсету керек.
1.Балалардың қолының бұлшық еттерін, есте сақтау қаблеттерін, қиялын арттыру;
2.Тапсырмаларды орындату барысында балалардың зейінін шоғырландыру және тұрақтандыру;
3.Балалардың қызығушылығын тудыра білу;
4.Кеністікте дұрыс және дәл бағдар ұстай білу қабылетін, қол икемділігін дамыту.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее