06
март
2024
06.03 күні 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Ертегілер әлемі» тақырыбында сахналау сағаты өткізілді.
06.03 күні 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Ертегілер әлемі» тақырыбында сахналау сағаты өткізілді. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігіне және сахналық қойылымдар арқылы оның мазмұнын баланың санасына сіңіруге, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударылды. Акт залы қойылым тақырыптарына сай декорациялармен безендірілді. Бастауыш сынып ұстаздары: Г.Нугымарова – әжесі, Г.Құдайберген – немересі рөлінде «Ертегі уақыты» теледидир хабарының жүргізушілері болып, әр сыныптың қойылымын хабарлап отырды. 1 «А» сыныбы – «Бауырсақ», 1 «Ә» сыныбы – «Кім күшті?», 1 «Б» сыныбы – «Үйшік», 1 «В» сыныбы – «Шалқан», 1 «Г» сыныбы – «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен қойылымдар көрсетті. Аталған шараға бірінші сыныпта білім алып жатқан 45 бала қатысты. Театрландырылған көріністер арқылы балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп берді. Балғын «актёрлардың» сыныптастары көрермендер ретінде өз достарын қолдап отырды. Шара соңында ертегі кейіпкерлері марапатталып, естелік суреттерге түсті. Балалар образға кіріп, оны сомдау кезінде өздерін сахнада тұрған кішкентай әртіс ретінде сезінді, бала көңілдері шаттыққа толды. Ұйымдастырушылар: Г.Нугымарова, Г.Құдайберген, А.Курмашева.

