"Баршаға және жекеге арналған оқу" жобасы аясында "Lesson Study" зерттеу сабағы өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "Баршаға және жекеге арналған оқу" жобасы аясында "Lesson Study" зерттеу сабағы өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

15
апрель
2024

"Баршаға және жекеге арналған оқу" жобасы аясында "Lesson Study" зерттеу сабағы өтті.

        Күні: 15.04.2024жыл. Пәні: Қазақстан тарихы.  "Баршаға және жекеге арналған оқу" жобасы аясында "Lesson Study" зерттеу сабағы  өтті.                                                                                                                                                               Сабақтың тақырыбы: " Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы.                                                Оқушылар түрлі-түсті түстер арқылы (жұлдызша, төртбұрыш,дөңгелек) топқа  бөлініп, орындарына  отырды.."Wordwall.net"қосымшасы бойынша  өтілген тақырып -"Қазақ кеңес әдебиетінің дамуы" тақырыбында  сұрақтар көрсетіліп, оқушылардан жауап алынды.Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы ақын, жазушыларды атады, шығармаларын сәйкестендірді. Жаңа тақырып бойынша  «Ұлы Отан соғысы» бейнефильмі көрсетілді.ҰОС кезіндегі суреттер топтамасы берілді. Оқушылар топтық жұмыс бойынша -Мәскеу , Ленинград, Сталинград үшін шайқастар туралы мәліметтерді постерге жазып, білімдерін қорғады.ҰОС кезіндегі маңызды шайқастарда ерлік көрсеткен қазақстандық батырларды білді.Оқушыларға соғыс жылдарында майданнан жазылған хаттардан үзінділер ұсынылды..«Конверттегі хат»әдісімен жұмыс парағына дескриптор бойынша тапсырма орындады. Оқушыларды топта топ басшысы бағалау парағында бағалап, әр оқушы сабақ бойынша бағаланды. Зерттеу тобындағы ұстаздар А,В,С тобындағы балаларды бақылады. Пән мұғалімі: Капасова Г.Р.                                                                                                                                                  
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее