«Жасанды интеллект мүмкіндіктері» атты семинар - тренинг » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Жасанды интеллект мүмкіндіктері» атты семинар - тренинг

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

02
октябрь
2024

«Жасанды интеллект мүмкіндіктері» атты семинар - тренинг

02.10.2024 жылы мектебіміздің магистр ұстаздардың ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект мүмкіндіктері» атты семинар - тренинг өткізілді. Мақсаты: адамның ойлау процесін компьютерлік жүйелермен модельдеу. Семинар-тренинг «Нейро» жаттығуы арқылы басталды. Ұстаздарға quizbot.ai, photo Lab, di id ai платформалары жан-жақты түсіндірілді. Мұғалімдер теориялық білім алып, сол білімдерін тәжірибеде қолдану мақсатында практикалық жұмыстар жасады. Сабақ барысында Quizbot.ai интерактивті тапсырмалар оқушылардың білімін тексеріп қана қоймай олардың танымдық қызығушылығын арттырады. Photo Lab — бұл фотосуреттерді өңдеуге арналған платформа, ол қолданушыларға қарапайым суреттерді ерекше туындыларға айналдыруға мүмкіндік береді. D-ID — жасанды интеллект (AI) қолданатын платформа аватарлары адамның бет қимылдарын және эмоцияларын қайталай алады, бұл оларды аудиторияға тартымды етеді.  Жасанды интеллект ұстаздарға оқу процесін тиімдірек ұйымдастыруға, оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға, кәсіби дамуына көмектеседі, ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 
Ұйымдастырушылар: Нургалиева Э.К. Камбарова А.К.. Молдабекова М.Ж.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее