«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында 13.11.2024 күні 4 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен Lesson study технологиясымен зерттеу сабағы өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында 13.11.2024 күні 4 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен Lesson study технологиясымен зерттеу сабағы өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

13
ноябрь
2024

«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында 13.11.2024 күні 4 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен Lesson study технологиясымен зерттеу сабағы өтті.

«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында 13.11.2024 күні  4 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен Lesson study технологиясымен зерттеу сабағы өтті.
Тақырыбы: «Жүйке жүйесінің маңызы». Сабақ «Ерекше белгі»әдісімен басталды. «Қар ату» ойыны арқылы өткен тақырып пысықталды. Шырпы жағу, құтыдағы әтір иістерімен тәжірибе жасай отырып жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты таныстырылды. Бейнеролик көрсетіліп, тақырып бойынша талдау жасалды. “Ойлан, тап!” топтық жұмыста:
1-топ:” Сипап сезу арқылы заттың  пішінін, көлемін біле отырып, затты атау.
2- топ: Дәмін көре отырып затты сипаттау
3-топ:Иіс сезу арқылы заттарды анықтауға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өздері ұстап, дәмін көрген заттарды сипаттап айтып берді. Көру, есту, сипап сезуге тапсырмалар орындалып,  заттарды топтастырды. Дескрипторға сай оқушылар өзіндік бағалау жасап, ми қатпарын бояп отырды. «Ойлан, жаз!» жекелеме жұмысында сезім мүшелерінің қызметін сәйкестендірді, жауабымен тексерді. «Ойлан, жұптас!» жұптық жұмыс орындалды. «Жүйке жүйесінің гигиенасы» тақырыбында невропотолог дәрігер кеңесі Di-D платформасы арқылы көрсетілді. Оқушылар жеке бас гигиенасына ережелер құрастырды.  Wordwall әдісі арқылы қорытындыланды. Өзіндік бағалау нәтижесі ескеріле отырып, кері байланыс берілді. «Не ұқтым?», «Не естідім?», «Не айттым?», «Не көрдім?», «Не ұстадым?», «Не түйдім?» белгілеріне оқушылар жауаптары арқылы жасалған  рефлексия өте ұтымды шықты. Оқушылардың тәжірибе жасай отырып, өздігінен білім алуларына негізделген ерекше сабақ болды. Сабақтан соң  топ ұстаздары АВС деңгейіндегі оқушылардан сұхбат алды.  Пән мұғалімі: Божканова Л.Б.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее