"Бес тас" ойыны ұйымдастырылды » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "Бес тас" ойыны ұйымдастырылды

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
декабрь
2024

"Бес тас" ойыны ұйымдастырылды

10.12. Күні "Тарих - өткеннің сабағы,  болашақтың көрінісі " атты тарих, география, биология және химия пәндері бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес үзілісте "Бес тас" ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: ұлттық ойындарымызды насихаттау, оқушыларды жылдамдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету.
М.Қашқаридың "Түркі тілдері сөздігі" еңбегінде  "Бес тас" ойыны туралы мағлұмат кездеседі. Бұл мағлұматтар арқылы "Бес тас" ойнының сақ-ғұндардан бері келе жатқан ойын екеніне көз жеткізуге болады. Тарихы сонау ежелден басталатын таспен ойналатын ойынның "Бес тас" аталу себебі, ойында бес тастың пайдалануымен байланысты.
Бұл ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрететін қасиетке ие.
Бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген қазақ халқы әсіресе баланың ойынына мән беріп, "Бес тас" ойынына ерте баули бастаған. "Бес тас" ойынында баланың саусақтарының қимылдары арқылы он екі мүшесіне қимыл жүреді.

Жауапты: тарих пәні мұғалімі Айтмуханова Б.Б.

[media=https://youtube.com/shorts/7lL0RkQaBTY?si=9Z-mT2IALCEo0Bw5]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее