17
январь
2025
“Новатор” дебат клубында 10-сыныптар арасында мектепішілік пікірсайыс өтті
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жасалған жоспар бойынша 17.01. Күні “Новатор” дебат клубында 10-сыныптар арасында мектепішілік пікірсайыс өтті. Тақырыбы: “ Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу жолдарын ұсынады”.
Мақсаты: оқушылардың буллинг туралы білімдерін кеңейту, адами құндылықтарға тәрбиелеу, буллинг болған жағдайда сақтану жолдарын түсіндіру, жауапкершіліктерін, өзін-өзі басқару әлеуетін дамыту. Дебатқа “Сенім” және “Алау” фракциялары қатысты. Пікірсайысшылар аргументтер ұсынып, өз көзқарастарын дәлелдеді, өзара тәжірибе алмасты. Дебатты тамашалаған көрермендер өз ойларын ортаға салды. Тартысты ойын көрсеткен пікірсайысшыларға “Мадақтама” және сыйлықтар берілді.
Дебат клубының жетекшісі: Айтмуханова Б.Б.
[media=https://youtube.com/shorts/ro4837CSuF0?si=8EvukqaZMATN300f]