20
январь
2025
"Бастауыш - білім бастауы" тақырыбында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығының ашылуы болды
20 қаңтар "Бастауыш - білім бастауы" тақырыбында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығының ашылуы болды. Мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік туғызу. Мектеп ұстаздарына, оқушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Іс-шара "Тәтті көңіл-күй, жағымды көзқарас" психологиялық ахуалымен бастау алып, әртүрлі ойындармен жалғасын тапты. Мәселен, "Ұлттық құндылықтар", "Мнемотехника", "Математика білгірі", "Ұлттық аспаптарды қаншалықты білеміз?" атты қызықты тапсырмаларды мектеп оқушылары мен ұстаздары әр түрлі қызықты тапсырмалар, сонымен қатар ноутбукте заманауи платформалар арқылы орындады. Оқушылар мен ұстаздар белсенділігі жоғары деңгейде болды.
