«Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі»
Жыл мезгілінің қайсысы болса да, адамның жан дүниесіне ерекше көңіл – күймен өмірге деген сүйіспеншілігін әр кез арттыра түсетіндігі сөзсіз. Тылсым табиғаттың адамзат баласының рухани дамуына және өзіндік табиғи талантын шыңдауға қосатын үлесі зор. Адам табиғаттан өзіне қажеттінің бәрін алады. Ақыл – ойы дамиды. Рухани жан дүниесіне табиғат тамашаларын бойына сіңіріп өседі. Табиғаттан нәр алған адамның өзіндік дарыны мен шабыты оянады десек қателеспейміз деп ойлаймын. Осы бағытта жас бүлдіршіндердің өздерінің жасаған тырнақ алды туындыларын айтуға болады. «Экология әлеміне саяхат» факультатив (қосымша білім алу) пәнінен 2 «А» сынып оқушысы Дәулетқызы Айзере әр сабақта өзінің жан – жақты тақырыпта ізденіп жұмыс жасағанды ұнатады. «Қыс. Құстарды қысқы тіршілігі» тақырыбына өзінің шығармашылық жұмысымен бөліскісі келеді.