28
апрель
2020
Үй мысығын асыраудың пайдасы
1 «А» сынып оқушысы Дәулетқызы Айзере үйінде мысық асырап, оған қамқорлық жасауда әрі үй мысығының пайдасын зерттеп жүр. Мысықтың емдік қасиеті бар. Ол адамның ауырған жерін сезіп, соған жақындайды. Оның пырылдағаны адамның миына жақсы әсер етеді. Аңыздарда айтылу бойынша, мысықтар адамды жаман энергетикадан қорғайды екен. Олар ауа райын болжайды. Ағашты тырмаласа, жел болады. Жерге аунаса, аяз болады. Мысықтардың адамға жақсы көңіл-күй сыйлайтын құдіреті бар.