20
февраль
2020
НЗМ жетекші мектептермен жұмысы аясында семинар
2020 жылдың 18-19 ақпан күндері НЗМ жетекші мектептермен жұмысы аясында семинар өткізілді. Химия ӘБ жетекшісі – Г.Т. «Кәсіби даму мақсатын қою» тақырыбында жұмыс жүргізіп, ұстаздардың өз жұмыстарына SWOT сараптама жасап, SMART мақсат қою тәжірибесімен бөлісті. Н.Кунанбаев «Дифференциациялау» тақырыбында жұмыс жүргізіп, ұстаздардың оқу үрдісіндегі саралап оқытудың әдіс-тәсілдерімен кеңірек танысуларына, тәжірибеде қолдануларына мүмкіндік жасады. Оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес оқу ортасын құру жолдары және әрбір оқушының мақсатқа жетуіне ықпал етудің тиімді жолдары көрсетілді. Семинарға серіктес мектептер: №15, 40 және «Быхина» ұстаздары қатысты.

