18
ноябрь
2019
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар
ЖОББМК» КММ «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбымен Шығыс Қазақстан облысы білім мекемелері бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПК БАИ тренерлері Камзина А.Н., Құсайын Д.Б:, «Семей қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері Молдаханова Г.А. және әр өңірден жиналған бастауыш сынып ұстаздары қатысты. Аталған семинар жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен ұстаздар жұмысының нәтижесін бақылау және 4 жыл бұрын мектепке келген оқушылардың білім деңгейлерін саралау мақсатында ұйымдастырылған тәжірибелік алаң болды. Қатысушылар «Шығармашылық алаңдарда» болып, мектепте жүзеге асырылып жатқан игі істерге куә болды. Атап айтқанда: «Білім – Инновация» диалогтық алаңда мектеп мұғалімдерінің әдістемелік көрмесімен танысу, пікір алмасуға мүмкіндік алды. «Жеке тұлғаның дамуына қолайлы орта қалыптастыру» алаңдары жұмыстарымен танысты. робототехника үйірмесі, шахмат үйірмесі, фото-видео студиясы жұмысы, «Керемет бала» әлемінде, «Happy English» тілдік үйірмесі, психолог релаксациясында болды, «Шығармашылық шеберханасы» оқушылар жұмыстары көрмесін тамашалады. Бағдарламаның Тәжірибелік бөлімінде «№3 ЖОББМК» КММ бастауыш сынып мұғалімдері және қала мектептері ұстаздарының ашық сабақтарында болып, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Шеберлік сынып бөлімінде Семей қаласының шығармашыл ұстаздары заманауи іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұстаздарға Алғыс хаттар және қатысушы ұстаздарға сертификаттар табыстаумен аяқталды. Қатысушылар «біркүндік семинарға қатысып, бір жылдық азық алып бара жатырмыз» - деп тарқасты
Семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұстаздарға Алғыс хаттар және қатысушы ұстаздарға сертификаттар табыстаумен аяқталды. Қатысушылар «біркүндік семинарға қатысып, бір жылдық азық алып бара жатырмыз» - деп тарқасты