Әдістемелік апта аясында RED- х оқырмандар конференциясы өтті » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » Әдістемелік апта аясында RED- х оқырмандар конференциясы өтті

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

28
февраль
2020

Әдістемелік апта аясында RED- х оқырмандар конференциясы өтті

№3 жалпы орта білім беретін мектепте 

әдістемелік апта аясында RED- х

оқырмандар конференциясы өтті.


«Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету», - деген профессор Амонашвилидің ұстанымы   біз үшін арналғандай.

Мұғалім адам өмірінде зор қызмет атқарады. Мұғалім мамандығы сөзсіз қиын. Дегенмен де, кез келген адам білім іздеу, әлемді тану қажеттілігін сезінеді, өмірдің қиын сұрақтарын шешуге көмектеседі, тәлімгердің, мұғалімнің, даналардың соңынан ергісі келеді. Даналар айтқан: «Білім алуға ұмтылу әрбір адамның міндеті» .

Бүгін, 28 ақпан күні №3 мектебінде Ш.Амонашвилидің ізгілік педагогикасы атты әдістемелік апталық аясында Рed-х форматында оқырмандар конференциясы өтті. Оған жас мамандар қатысты: Төкен Абзал, Капсалямов Қанат, Куанышева Айдана, Кутешова Жадыра, Курмашева Бахыткуль, Тогоспаева Галия, Дюсембаева Куралай.

Мен Шалва Амонашвилидің: «Баланы сүю үшін, оларды жүрекпен сүю, махаббатты жарыққа шығаруды үйренген жөн. Оқушының әрбір күні, әрбір сабағы педагогтардан балаларға сыйлық деп ұғыну керек. Педагогтың әрбір қарым-қатынасы оқушыға қуаныш пен қолайлылық орнату керек» деген ой-пікірді тәжірибемде ұстануға тырысамын деген ойлар айтылды.

Ш.А.Амонашвили сияқты ешкім маған әсер етпеген еді. Ш.Амонашвилидің педагогикалық әңгімелері өмірдің өзінен алынған. Педагогикалық әңгімелерінде өмірдің мәні ішкі жан - дүниенің байлығында, оның рухани тазалығында. Педагогтың әңгімелерін оқи отырып, өмірлік сұрақтарға жауап аласың. Мінеки осындай ой пікірлер айтылды.  Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?», «Как любить детей?» , «Здравствуйте, дети!» , «В поисках учителя», «Педагогические притчи», «Искусство семейного воспитания»,   «Спешите, дети, будем учиться летать» деген кітаптары үлкен әсер қалдырғаны айдан анық. Жас спикерлердің ортаға салған ойлары тыңдармандардың көңілінен шықты. Жас ұстаздардың өз өмірлік тәжірибелерімен параллель жүргізіп, ойларын жетік білдіргені жақсы әсер қалдырды. Шалва Амонашвилидің қайсы шығармасын оқысаңыз да, тек жалғыз мұғалімдерді ғана емес, кез келген адамға үлкен әсер қалдырады деген оймен конференциямызды аяқтадық


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее