04
май
2022
2022 жылы Балалар жылына орай ағаш отырғызу акциясы
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. 2022 жылы Балалар жылына орай 1-11 сынып старосталары мен жас сарбаз сыныптарының қатысуымен дәстүрлі ағаш отырғызу акциясы өткізілді.
Акцияның басты мақсаты - оқушыларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету, мектеп ауласын көркейту - көгалдандыру.
Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы оқушылар табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыластарын оятып, бар күш-жігерлерімен 340 түп қара ағашын отырғызып, игі іс жасады.
