Ақпарат » Страница 166 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Алаш дәстүрі" пікірсайыс турнирі
19
февраль
2022
"Алаш дәстүрі" пікірсайыс турнирі
М.О.Әуезов атындағы  педагогикалық колледждің"Оратор" дебат клубының  ұйымдастырылуымен Алаш қайраткері, ағартушы - педагог, журналист Мәннан Тұрғанбаевтың 135 жылдығына орай, Семей қаласының ЖОББМ оқушыларына арналған  "Алаш дәстүрі"пікірсайыс турнирінде мектебіміздің 8 сынып оқушылары " НОВАТОР"дебат клубының ойыншылары Әскер Нұрай мен Мейірбаева Айдана қатысып,  "Үздік талпыныс"  номинациясымен марапатталып қайтты
"Ұялы телефонды тиімді пайдалану" туралы оқушылармен әңгімелесу жұмысы
17
февраль
2022
"Ұялы телефонды тиімді пайдалану" туралы оқушылармен әңгімелесу жұмысы
2022 жылдың 17 ақпан күні 5-6 сынып оқушыларына ДТІЖО Д.Т. Нуркасымов пен мектеп педагог-психологі А.Е.Шарипканова "Ұялы телефонды тиімді пайдалану" туралы оқушыларға әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру. Баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, ұялы телефонмен сөйлесу әдебіне дағдыландыру. Ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу.
Дүниежүзілік кітап сыйлау күні
17
февраль
2022
Дүниежүзілік кітап сыйлау күні
Дүниежүзілік кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйла" акциясына 2"в" сынып оқушылары да қатысып өз үлестерін қосуда. Ұйымдастырған ұстазы Аманкулова Айгуль Жаксылыкқызы мен оқушыларына алғысымыз шексіз!
"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі"
16
февраль
2022
"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі"
#семей2022жже 14-23 ақпан аралығында өтіп жатқан "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел алдын - алу шаралары аясында 1-11 сынып оқушыларына біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
" Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
16
февраль
2022
" Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
" Кітапханаға кітап сыйла" акциясына 3"а" сыныбының оқушылары да өз үлестерін қосты. Сынып жетекшісі Нұғымарова Гулмира Рахымжанқызы мен оқушыларына үлкен рахмет !!!
«Жолда жүру қауіпсіздігі»
14
февраль
2022
«Жолда жүру қауіпсіздігі»
14.02.22-23.02.2022 ж. аралығында өтіп жатқан "Жолдағы балалардың қауіпсіздігі" Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында, Затон ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты   Слямбек Ақбота Мұратқызымен бірлесіп,  3-4 сынып оқушылары арасында «Жолда жүру қауіпсіздігі»  тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату
3 «А» сынып оқушысы Дәулетқызы Айзере
11
февраль
2022
3 «А» сынып оқушысы Дәулетқызы Айзере
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздің 3 «А» сынып оқушысы Дәулетқызы Айзере демалыс күндерінде кітап оқумен өткізеді. Кітап оқуды өте жақсы көреді. Айзере оқыған әңгімесін апасы мен сіңіліне оқып берді. Оқыған ертегісіндегі кейбір сөздердің мән – мағынасын апасынан сұрап, сөздердің сырын түсінуге үлкен мән береді. Құнды кітаптан құнарлы ойдан – сананың дамитынын Айзере жақсы біледі. Өзі сияқты құрбыларына демалыс күндерін кітап оқып тиімді өткізуге кеңес береді.
3«Б» сынып оқушысы Балтабек Гульфайруз
11
февраль
2022
3«Б» сынып оқушысы Балтабек Гульфайруз
Кітап адамға өзінің шуағын білім арқылы шашады. 3«Б» сынып оқушысы Балтабек Гульфайруз да кітап оқығанды жақсы көреді. Қолы қалт ете қалса әжесімен бірге кітап оқиды. Гульфайруз сияқты кітапқа құштар жеткіншектеріміз көп болсын. https://youtu.be/7sjsvwz5QJ4
“АТА-АНАЛАР  ШЕБЕРЛІГІ  ИНСТИТУТЫ”
11
февраль
2022
“АТА-АНАЛАР ШЕБЕРЛІГІ ИНСТИТУТЫ”
2022 жылдың 11 ақпан күні «№3 жалпы орта білім беретін мектеп –кешені» КММ- де ата-аналарға арналған ашық есік күні офлайн форматта “АТА-АНАЛАР  ШЕБЕРЛІГІ  ИНСТИТУТЫ” семинар-практикумы өтті. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы болғандықтан, әрбір ата-ана баласының білім алып жатқан мектебі туралы ақпарат алуды көздейді. Сондықтан семинар-практикум мақсатында мектеп пен отбасында бала тәрбиесінің мазмұнын педагогикалық әдіс–тәсілдерге бағыттай отырып, нәтижеге жету жолдарын көрсетпек болды.
"Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары"
07
февраль
2022
"Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары"
Ақпан айының 7-ші жұлдызында Мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің, Азаматтық қорғау лейтенанты Б.Қ.Қуанышев "Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары" тақырыбында 5-6 сынып оқушылармен әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқада элементтері от жағу маусымының соңына қарай бітеліп және  күннің жылынуына байланысты түтін (ыс) далаға шықпай үйге қайтарылып, иіс тию қауіпін болдырмау. Оқушылар өздерін мазалап жүрген
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее