05
сентябрь
2025
«Отбасы күніне» орай 2025 жылғы 5 қыркүйекте облыстық ата -аналар сессиясы өтті.

Мақсаты — ата-аналарға баланың оқуына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің тиімді жолдарын түсіндіру, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру және балада өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Сессияда алғаш сөз алған мектеп директоры Қ.З.Шиянова Отбасы күнінің маңыздылығына тоқталып, отбасы мен мектептің бірлесіп жұмыс істеуінің баланың жан-жақты дамуына әсер ететінін атап өтті.
«Бала тәрбиесінде отбасының рөлі ерекше. Бүгінгі ата-аналар сессиясы — ата-ана мен мектеп арасындағы алтын көпір. Біз баланың тұлға ретінде қалыптасуына бірге атсалысуымыз қажет», — деді мектеп директоры.
Педагог-психологтар мен мұғалімдер баланың бойында сенімділік қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Баланың оқу процесіндегі белсенділігі, қызығушылығы мен табандылығы — оның өзіне деген сенімінен бастау алатынына баса назар аударылды.
Сессия барысында келесі мәселелер талқыланды:
Балаға оқу барысында ата-ананың дұрыс қолдау көрсету жолдары;
Қателікке деген дұрыс көзқарас қалыптастыру;
Балаға мотивация беру әдістері;
Эмоциялық қолдаудың рөлі;
Отбасылық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі орны.
Тәжірибе және пікір алмасу
Сессия форматы ата-аналармен ашық диалог, топтық жұмыс және пікір алмасу түрінде өтті.