Ақпарат » Страница 178 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Қарттарым- асыл қазынам" тақырыбына 1"б" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.
01
октябрь
2021
"Қарттарым- асыл қазынам" тақырыбына 1"б" сыныбында тәрбие сағаты
"Қарттарым- асыл қазынам" тақырыбына 1"б" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді. Қонаққа мектебіміздің ұлағатты ұстазы, әрі апамыз Карменова Галина Нұраждарқызы шақырылды. Ол кісі өз өмірінің шуақты сәттерін айта отырып, балаларды үлкендерді сыйлауға, еңбекқорлыққа насихаттады. Балалар қонағымызға тақпақтарын арнап, гүл сыйлады.
Қарттарымыз әрқашанда аман болсын!
01
октябрь
2021
Қарттарымыз әрқашанда аман болсын!
"Қарты бар үйдің қазынасы" бар демекші 1"А" сынып оқушылары   сыныбымыздағы Айгерімнің ата әжесін қарттар күнімен құттықтап, тілектерін білдіріп қайтты. Қариялар шын көңілдерімен ризашылықтарын білдіріп , бата берді. Қарттарымыз әрқашанда аман болсын!
"Қарты бар елдің қазынасы бар" атты тәрбие сағаты өткізілді
01
октябрь
2021
"Қарты бар елдің қазынасы бар" атты тәрбие сағаты өткізілді
1-қазан "Қарттар мерекесіне" орай 2 "Б" сыныбында Қарты бар елдің қазынасы бар атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:  Оқушыларымызды үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу; Қарияларымыздың ақыл-өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу. Тәрбие сағатына 2-ші сынып оқушысы Динаның атасы Максұтқан Айтқалиұлы шақырылды. Ата өзінің өмір тарихымен бөлісіп, ал оқушылар болса атаға тақпақтарын айтып, тілектерін білдірді.
Мектеп Парламенті президентінің сайлауы өтті.
27
сентябрь
2021
Мектеп Парламенті президентінің сайлауы өтті.
"Мектеп парламенті" білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының тұжырымдамасы ережесіне сәйкес мектеп  президентін сайлауы өтті.  Сайлау қорытындысы бойынша: Мектеп президенті Бірлікбаев Даниял, ББЖҰ "Жас ұлан"(патриотизм фракциясы) ұйымының Ұланбасы Дәулетбек Дильназ  сайланды.
Тіл- халықтың үні" танымдық конференция өтті.
23
сентябрь
2021
Тіл- халықтың үні" танымдық конференция өтті.
22.09.күні " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ - де Тілдер күніне байланысты 9 -10 сыныптар арасында" Тіл- халықтың үні" танымдық конференция өтті. Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыруға және тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі ұйымдастырған конференцияға мектеп кітапханасы " Тіл - халықтың мұрасы" атты кітап көрмесін ұсынып кітаптарға шолу жасады. Сонымен бірге оқушылардың
Мектебімізде "Робототехника" вариатив курстары жүргізілуде
21
сентябрь
2021
Мектебімізде "Робототехника" вариатив курстары жүргізілуде
Робототехника – балаларды қазіргі заманда, жоғары технологияларға толы өмірге балаларды дайындау тәсілі. Сонымен қатар, бұл қазіргі заманның қажеттілігі, өйткені жылдан жылға жаңа жоғары технологиялар артып келеді. Мектептердегі білім беру Robotics бүгін маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Осыған орай, әр апта сайын мектебімізде "Робототехника" вариатив курстары жүргізілуде.
Оралбек Султан - Бокстан облыстық Чемпионаты жеңімпазы
20
сентябрь
2021
Оралбек Султан - Бокстан облыстық Чемпионаты жеңімпазы
11 "А" сынып окушысы Оралбек Султан Бокстан облыстық Чемпионатынан 1 орын иеленді.
Мұхаметқалиев Жалғас - Панкратионнан Қазақстан Республикасының кубогының жүлдегері
20
сентябрь
2021
Мұхаметқалиев Жалғас - Панкратионнан Қазақстан Республикасының
8 "Б" сынып оқушысы Мұхаметқалиев Жалғас Панкратионнан Қазақстан Республикасының кубогында 3 орын иегері атанды.
Токенов Мади - Республикалық Жеңіл атлетика Чемпионаты жүлдегері
20
сентябрь
2021
Токенов Мади - Республикалық Жеңіл атлетика Чемпионаты жүлдегері
10 "А" сынып оқушысы Токенов Мади Қарағанды қаласында Жеңіл атлетикадан өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2 орын иеленді.
" Табысты оқу" жобасы аясында
20
сентябрь
2021
" Табысты оқу" жобасы аясында
20.09.2021ж " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ " Табысты оқу" жобасы аясында қазақтың ағартушы - педагогы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты мектеп кітапханасында 4 "а"  сынып оқушыларымен " Ы.Алтынсарин тағлымы- білім тұмары" атты кітапханалық сабақ  өтті. Оқушылар жазушының "Әке мен бала" әңгімесін тыңдап, өз ойларымен бөлісумен қатар жасырынған мәтінді қүрастырып оқып шықты. Нәтижесінде 11 оқушы кітапханаға қайта жазылып, оқырман кітапшасына әңгіме кітаптар жаздыртып
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее