"Туған өлкем- туған тарих" тақырыбында өткен өлкетану оқуы
Мектеп оқушыларының ғылыми бірлестігі жоспарына сай 19 қараша күні 7"А"-сыныбы оқушылары Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде "Туған өлкем- туған тарих" тақырыбында өткен өлкетану оқуына қатысты. Мақсаты: Ұлы ақын - Абай Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен танысу, ақындығы мен композиторлығын тану, Абай шығармаларын сүйіп оқуға, асыл мұрасындай қадірлеуге баулу. Оқушылар музейде Абайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі