Ақпарат » Страница 99 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

ӘБ отырыстары өтті
30
октябрь
2023
ӘБ отырыстары өтті
Күзгі демалыс жоспарына сай мектебімізде барлық бірлестіктерде әдістемелік  бірлестік отырысы өткізілді.ӘБ отырысында 1 тоқсанның білім сапасының салыстырмалы мониторингі сарапталып, курстан өткен ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті, аттестаттауға баратын мұғалімдердің кәсіби байқауларға, конференциялар мен семинарларға қатысу сапасы қаралды. 
«Мектеп» жедел профилактикалық іс – шарасы аясында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
27
октябрь
2023
«Мектеп» жедел профилактикалық іс – шарасы аясында түсіндірме
Абай облысы ПД Семей қ.  Затон ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Ә.Ә. Тұрлыбаев және полиция лейтенанты Б.Б. Болат №3 ЖОББ мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Нуркасымовпен бірлесіп 5-7 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу мақсатында «Мектеп» жедел профилактикалық іс – шарасы аясында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, мемлекеттік мереке.
25
октябрь
2023
25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, мемлекеттік мереке.
25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, мемлекеттік мереке. Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Бүгінде еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі
Апталық челлендж
24
октябрь
2023
Апталық челлендж
24.10.23 күні аптаның сейсенбі күнінде мектеп ұстаздардының көңіл-күйін көтеру, сергіту мақсатында " Шатыр, адам, жер сілкінісі", " көңілді шарлар" ойындары өткізілді. Ойындарға мұғалімдер белсене қатысып шықты. Бұл ойындарды жүргізудің басты мақсаты ұжымдық қарым-қатынасты нығайту. Келесі апталық челлендж ағылшын тілі мұғалімі Ахметқалиева Жұлдызға жолданды
Мектебімізде   ұстаздарға арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.
24
октябрь
2023
Мектебімізде ұстаздарға арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.
▶ ️ Сайыстың мақсаты: ұстаздардың ой-өрістерін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжым арасындағы достық, ынтымақтастық байланысты нығайту.Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында ұстаздар 1 айналым "Бәйге" кезеңінде тез, шапшаң ойлану дағдыларын көрсетсе, 2 айналым «Жорға» кезеңінде өздеріне берілген тапсырмаларды жылдам орындады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын 3 айналым "Дода" кезеңінде өздерінің   тапқырлықтарын көрсете білді. Бұл кезеңде 4 тақырыптан тұратын 10, 20,
"Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы" байқауы
24
октябрь
2023
"Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы" байқауы
Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен өткен "Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы" Республикалық байқауына мектебіміздің кітапханашысы Байелова Мира Суртаевна қатысып, "Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы" төсбелгісімен , құрмет грамотасымен марапатталды.
🌳«Жасыл мекен формуласы - 2023»
23
октябрь
2023
🌳«Жасыл мекен формуласы - 2023»
✒️Абай облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «Жасыл желек формуласы - 2023» байқауына "№3 ЖОББМ" КММ ұжымы да қатысқан болатын. Байқаудың мақсаты – оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, сонымен қатар табиғат ресурстарына ұқыпты көзқарасын қалыптастыру, аумақтың сыртқы келбетін жақсарту, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін шешуге білім беру мекемесінің қызметкерлері мен оқушыларын
8"В" сыныбында ағылшын тілі пәнінен " Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы бойынша "Төңкерілген сабақ" технологиясымен сабақ  өткізілді.
23
октябрь
2023
8"В" сыныбында ағылшын тілі пәнінен " Баршаға әрі жекеге арналған
23.10.2023 ж. 8"В" сыныбында ағылшын тілі пәнінен " Баршаға әрі жекеге арналған мектеп" жобасы бойынша "Төңкерілген сабақ" технологиясымен сабақ  өткізілді. Тақырыбы: Online shopping. Мақсаты: Онлайн дүкен аралау тақырыбына байланысты жаңа сөздерді біледі,дұрыс оқи алады,сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады. Мәтін бойынша оның тиімді және тиімсіз тұстарын  ажыратады. Тыңдалым бойынша жаңа сөздердің айтылуын аудио арқылы тыңдады. Үй тапсырмасы "Fly swatter" әдісі  бойынша тексерілді. Жазылым
3”Б”сыныбында "Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша “Кураторлық әдістеме" негізінде "Жануарлар қайда тіршілік етеді?” тақырыбында сабақ өткізілді.
23
октябрь
2023
3”Б”сыныбында "Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша
3”Б”сыныбы Пәні:Жаратылыстану Технологиясы: Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша “Кураторлық әдістеме" Сабақтың тақырыбы:Жануарлар қайда тіршілік етеді?” Психологиялық сәт. Сабақ барысында  үй тапсырмасы “Поле чудес” әдісі арқылы тексерілді. Ой қозғау "Үш сурет”әдісі арқылы  топтар суреттегі жануарды сипаттау арқылы сабақ тақырыбы анықталды. OnlineMektep-BilimLand  платформасы арқылы жаңа тақырып түсіндіріліп видео көрсетілді. Презентация арқылы қосымша мәлімет түсіндірілді.
«AQYL BATTLE CUP » республикалық зияткерлік сайысы
20
октябрь
2023
«AQYL BATTLE CUP » республикалық зияткерлік сайысы
«AQYL BATTLE CUP  » республикалық зияткерлік сайысына мектебіміздің математика пәні мұғалімі  Қалиев Ерзат Ерланұлы қатысып, іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы атанды. Ойында өзінің білімі мен шапшаңдығын көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Мектеп ұжымы сізді қолдап, мақтан тұтады. Алда шығар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Жарайсыз! 
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее