11
февраль
2022
“АТА-АНАЛАР ШЕБЕРЛІГІ ИНСТИТУТЫ” семинар-практикумы
2022 жылдың 11 ақпан күні «№3 жалпы орта білім беретін мектеп –кешені» КММ- де ата-аналарға арналған ашық есік күні оффлайн форматта “АТА-АНАЛАР ШЕБЕРЛІГІ ИНСТИТУТЫ” семинар-практикумы өтті. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы болғандықтан, әрбір ата-ана баласының білім алып жатқан мектебі туралы ақпарат алуды көздейді. Сондықтан семинар-практикум мақсатында мектеп пен отбасында бала тәрбиесінің мазмұнын педагогикалық әдіс–тәсілдерге бағыттай отырып, нәтижеге жету жолдарын көрсетпек болды. Сондай–ақ үздік отбасылық тәжірибелерді таратып, ата-аналар құзыреттіліктерін дамыта отырып, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, әрі табысты, бақытты балалар еңбегінің нәтижесін көрсету көзделген болатын.
«Әсем әуенмен, жүздерінен шуақ шашып қарсы алып жатқан ұстаздар көңілімізге қуаныш сезімін ұялатты»- дейді ашық есік күніне қатысушы ата- аналар. 1- қабатта ата-аналар ұсыныс-тілектерін жазып, топтарға бөлінді. Үйірмелер жұмысы «Керемет бала» жобасы арқылы насихатталды. Шахмат зияткерлік ойынымен балалардың қолөнер жұмыстары, Эко волонтерлар бұрышы да көрермендердің көңілінен шықты. Талантты оқушыларды көріп ерекше сезімде болды. Қалалық балет мектебі хореографы А. С.Качанованың «Балет мектебі» өнерпаздары тамаша билерімен жұртшылықты тәнті етті. Мектебіміздің жас сарбаздары да өздері үйренген қару түрлерін насихаттады.
«АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС АЛАҢЫ» Кәсіптік бағдар алаңында А.Бөкейхан атындағы университеттен Даулет А.С., Шәкәрім атындағы университеттен Жанқадамова Г.А., Авиценна колледжінен Қанатұлы М., Геологиялық барлау колледжінен Жангельдинова М.Ж., Репродуктивті денсаулық «Жас асыл» жастар денсаулық орталығы Шарипова Г.А.,Қаржылық сауаттылық алаңы «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстан Халық банкі» мамандарының кеңесі әрбір отбасы үшін өте қажетті ақпарат көзі болып табылды.Информатика пәні мұғалімдерінің «Тұрмыстағы робототехника», психолог мамандардың жұмысы, сондай- ақ «Отбасым - тал бесігім» әдеби монтаж да көпшілік көңілінен шықты.
Дебат алаңында мектебіміздің белсенді ата-аналары Тюлюбаев М.К., Өсербаева С.Қ., Өтеуова Л.Б., Қонақбаева А.К., Касымжанова Т.М. үздік отбасылық тәрбие тәжірибелерімен бөлісті.
Акт азылнда мектеп директоры Н.Н.Ахметкалиев ата-аналарды «Ата-аналар шеберлігі институты» жобасымен таныстырып, мақсат міндеттерін атап өтті.
Қалалық достық үйі басшысы Шарова Н.В. «Ақпараттық суаттылық» тақырыбында ата-аналарға мағлұмат беріп өтті.
«Отбасы» психологиялық кеңес беру орталығы психологы Байбасарова А.А. «Отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында кеңестер ұсынды.
Мектеп директоры Н.Н. Ахметкалиевке, тәрбие ісі меңгерушілеріне, сынып жетекшілерге әрбір ата–ананың айтқан алғысы шексіз. Мектебіміздің жылдан жылға көркейіп, заманауи сипат алып келе жатқаны, балаларының осы мектепте оқып жатқанына ризашылықтарын білдіріп, ұстаздар еңбегіне творчестволық табыс тіледі.