20
май
2022
2 «А» сыныбының үздік оқушысы Демежан Ақгүлдің анасы Демежанова Айгерім өз отбасындағы қызының тәрбиесіне қалай көңіл бөлетіні жайында тәжірибесін ортаға салды.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Мектебімізде ата-аналар шеберлігі институты жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Жоба аясында ата-аналарға отбасындағы бала тәрбиесі, әсіресе қыз бала тәрбиесіне баса назар аудару керектігі жөнінде көптеген ақпараттар ұсынылуда. 2 «А» сыныбының үздік оқушысы Демежан Ақгүлдің анасы Демежанова Айгерім өз отбасындағы қызының тәрбиесіне қалай көңіл бөлетіні жайында тәжірибесін ортаға салды. «Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», - деген екен ата- бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені, қыз - болашақ ұрпақтың анасы. Дені таза, ширақ туып, ширап өскен, сіз – бізбен тілі шыққан, ата-анасын, ағайын-туысын, үлкенін сыйлап өскен ұл мен қыз халқымыздың болашағы, қоғамымыздың тұтқасы болмақ. Қыздар – ұлт анасы! Осы ұлт атағына лайық болыңыздар!,-дей келе, барлық ата-аналарға қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігі жөнінде кеңес берді.