13
февраль
2022
«Үштік оқыту моделі» жобасы
Семей қаласындағы «Шәкәрім атындағы университет» пен «№3 жалпы орта білім беретін мектеп – кешені» арасындағы ынтымақтастық «Үштік оқыту моделі» меморандум шеңберінде 2022 жылдың 11 ақпанында жоғары оқу орынында 9 сыныптар үшін іс - шара ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың: "Қазір біз техникалық бағыттағы мамандықтарға көбірек назар аударуымыз қажет» деген тапсырмасын жүзеге асыру болатын. Мектеп оқушыларының осы бағытқа көңіл бөлуін, қызығушылығын тудыру мақсатында, жоғарғы оқу орнының оқытушылары өте қызықты тың ақпараттар берді. Оқушыларды студенттердің өмірінен хабардар етті. Жоспарға сәйкес оқушылар факультеттің «Автоматика және ақпараттық технологиялар», «Технологиялық жабдықтар және машина жасау», «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедраларының лабораториялық зерттеу жұмыстарымен таныс болды. Радиологиялық зерттеу ғылыми орталығы мен Жастар орталығына барып, қызығушылықтарын танытты. Жоғарғы оқу орнының оқытушылары оқушыларға қазіргі таңда нарықта сұранысқа ие мамандарға байланысты мамандықты таңдаған дұрыс болады деп ақыл – кеңестерін де айтты. Оқушылар да осы салаға байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесу өте қызықты, нәтижелі өтті. Нәтижесінде осы салаға қызыққан оқушылар да болды. Меморандум негізінде ғылыми жоба жазу барысында оқушылар ғылыми жетекшілерімен ізденіс жұмыстарын бірге жүргізіп, жұмыс болашақта өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Кафедра деканы Тоқтаров Жайық Хамитович пен декан орынбасары А.З.Бауыржановаға Алғыс білдіреміз.