Шәкәрім атындағы университетте танымжорық сабағы өтті » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Шәкәрім атындағы университетте танымжорық сабағы өтті

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

24
февраль
2022

Шәкәрім атындағы университетте танымжорық сабағы өтті

2022 жылдың 24 ақпан күні «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ-нің 10 «А» және 10 «Б» сыныбының оқушылары «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” КеАҚ-ның №3 оқу ғимаратында машық керлердің өндірістік практикасы аясында өткізген «Жас ғалымға мүмкіндік» тақырыбындағы танымжорық сабағына барды.
Танымжорық сабығының тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, өтетін орыны, уақыты, нысаны белгіленіп, қажетті ресурстар әзірленген.Машықкерлер өткізетін сабақтарына тыңғылықты дайындалған. Танымжорық кезінде қауіпсіздік ережелері мен шаралары сақталды.
Экскурсияны ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында машықкерлер оқушылармен "Жуан, жіңішке сұрақтар " арқылы диалог құрды. Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Бір тілек» тренинг өткізу арқылы сабақты көңілді бастады.
Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып «Экологиялық пирамида құрылымы» тақырыбы бойынша дәріс оқылды. Дәрісте дайындалған ЖОО-ның макет-модельдерімен шағын көрме жүргізу арқылы оқушылар дүниетанымдарын кеңейтіп, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар танымжорық барысында оқушыларға кеппешөптер орналастырылған кабинеттер көрсетіліп, қосымша ақпараттар ұсынылды. Оқушылар электронды микроскоп арқылы біржасушалыларды анықтап, шағын зерттеулер жүргізді. Машықкерлер дәрісті түйіндеп, білім алушыларға бүгінгі дәрістен алған әсерін жеткізу үшін өзін-өзі бағалау парақшасын ұсынды. Сондай-ақ өздерін қызықтырған тақырып бойынша зерттеу немесе өзге шығармашылық жұмыстың жоспарын құрауды ұсынды.
Өткізілген іс-шара оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, ғылыми дүниетанымын қалыптастырып қана қоймай, өздігінен іздену, зерттеу, сонымен қатар басқада шығармашылық жұмыстарының нысаны мен тақырыбын белгілей алуға зор үлесін қосты.
«Жас ғалымға мүмкіндік» танымжорық сабағы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша белсенді оқыту әдістерін пайдалана отырып, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған және де сандық технологияларда оң құзырлылық танытатын білімді оқушыны қалыптастыруға ықпал етті.
№3 ЖОББМК биология пәні мұғалімдері




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее